Сол жағалау жануарлар саябағындағы жаңа қонжық
Риддер маңында жүрген жабайы жануарды орман және аң шаруашылығы жедел тобының мамандары қолға түсірді. Тұрғындардың өтініші бойынша ұсталған қонжық Өскемендегі зообаққа тапсырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман және аңшылық шаруашылығының жедел тобы мәлімдегендей, 23–26 қазан аралығында өңірде табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейд жүргізілген. Сол кезде мамандар аюдың қонжығын байқап, қолға түсірген.
Қонжық бау-бақша серіктестіктерінің маңынан табылған. Белгілі болғандай, оның анасын пойыз қағып кеткен. Жетім қалған қонжықты біраз уақыт бойы бағбандар өздері асырап, тамақтандырып жүрген.
Қазір жануар Өскемендегі Сол жағалау зообағына жеткізілді.
Елизавета Седых
Аударған: Айдос Мырзахметов