KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

Ертең Шығыс Қазақстанда көктайғақ күтіледі

depositphotos.com

1.11.2025, 16:00 204 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» облыстық филиалының мәліметінше, 2 қарашаға қараған түні Шығыс Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктерінде көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осыған орай тұрғындарға барынша сақтық шараларына мұқият болу қажеттілігі ескертіледі. Автокөлік жүргізушілеріне жолда абай болып, жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет. Ал жаяу жүргіншілерге жарақат алу қаупін азайту үшін сақ болу керек.

Дауылды ескертулер туралы жедел ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады. Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» бірыңғай құтқару қызметіне хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу