KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 4 м/с, ОШ
522.19 606.42 6.47

ШҚО тұрғындарының назарына: 12 қазанда тұман мен көктайғақ күтіледі

depositphotos.com

11.10.2025, 16:30 170

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 12 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, ал күндіз батысы, солтүстігі және шығысында тұман мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с жетеді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ескертіледі:

  • Көлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтап, барынша мұқият болуы қажет;
  • Жаяу жүргіншілер көктайғақта жарақат алу қаупін азайту үшін абай болғаны жөн;
  • Күшті жел кезінде электр сымдары мен тербелмелі заттарға жақындамаңыз, аялдамалар мен ағаштардың астында тұрмаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару қызметіне хабарласыңыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу