KZ
Өскемен
-31°
плотный туман жел 1 м/с, С
510.43 594.86 6.49

Үздік балуандар марапатталды – ШҚО

7.11.2025, 20:00 57 Базарова Айгүл

К.Қайсенов кентінде 4–7 қараша аралығында Өмірбек Музапарұлын еске алуға арналған еркін күрестен өткен республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды. Бұл жарыс жыл сайын жас балуандардың шеберлігін шыңдап, олардың бойына қайсарлық пен намыс отын ұялататын маңызды дода болып келеді. Биылғы бәсеке де тартысқа толы, жүрек түбіндегі жігерді оятқан, әр бозкілемге шыққан спортшының маңдай терімен есте қалды, деп хабарлайды Altainews.kz.

45 келі салмақта Үлкен-Нарыннан келген Есентүгел Ислам қарсыластарының бәрінен озып, жеңістің биік тұғырына көтерілді. Зайсаннан келген Жанат Арын күмісті еншілесе, Алтайлық Оналбаев Саян мен Өскемендік Ринатұлы Мансұр қола жүлдені бөлісті. 48 келіде Интернат тәрбиеленушісі Қанатхан Әділжан өз үстемдігін көрсетіп, бірінші орынға лайық деп танылды, ал Бесқарағайдан келген Нұржан Ермахан екінші орынға ие болды. Үшінші орынды Жанатбек Жандос еншіледі.

Жарыстың қызуы 51 келі салмақта да жоғары болды. Бесқарағайлық Нұрбек Нұрым қарсыластарын шегіндіре отырып, алтыннан алқа тақты. Қарағанды өңірінің намысын қорғаған Нарманов Салман күмісті иеленсе, тарбағатайлық Советбеков Ержігіт пен Ұлан ауданынан келген Садықов Нұрали үшінші орынды бөлісті. 55 келіде Ұлан өңірінің жас балуаны Силканов Алижан көпті тәнті етіп, жеңіс тұғырынан көрінді, оның ізін Семейден келген Байтуров Алихан басты. Интернат тәрбиеленушісі Даукенов Салауат пен өскемендік Серғазиев Расул үшінші орынды бөлісті. 

60 келіде Балқаштық Исмағи Жәнгірдің шеберлігі басым болып, ол топ жарды. Семейлік Адақ Отанбек күміспен марапатталды, ал Үлкен-Нарыннан Базарбеков Мұхамедәли мен зайсандық Нұрмухамбетов Айтмұхан үшінші орынға табан тіреді. 65 келіде Ұлан ауданының жас үміті Құмарбеков Ислам жеңімпаз атанып, Самардан келген Даутов Маткәрім күміске қол созды. Семейлік Айтымбетов Алидар мен Ақмола өңірінің Дулатхан Дархан қола жүлдені бөлісті.

71 келіде Семей спортшысы Шәріп Нұрдар жарқырай шығып, жеңімпаз атанды. Қарағандыдан келген Масхадов Абдулкарим екінші орыннан көрінді, Павлодарлық Қожахан Икрам және Интернат тобының балуаны Бауыржанұлы Бейбарыс қолаға лайық деп танылды. 80 келіде Павлодар өңірінің өкілі Шуяков Захар қарсыластарына мүмкіндік бермей, бірінші орынға табан тіреді. Ал семейлік балуандар — Бейсенов Ернұр мен Рахметолла Даниал, сондай-ақ Оразбаев Асылбек қола мен күмісті бөлісті.

92 келіде Жарма ауданының мақтанышы — Советов Алижан жеңіс туын желбіретті. Семейден Айтқазин Айбар күміспен оралса, Ұланның жас балуаны Маутқанов Бағжан қола жүлдені иеленді. Ең ауыр салмақта — 110 келіде — Ұлан өңірінен Руслан Досжан жеңісті жолын жалғастырып, бірінші орыннан көрінді. Балқаштық Нұсаулетов Нұрлыбек екінші орын алса, Жармадан Исанов Дарын және Алтайлық Ермек Мансұр үшінші орынды бөлісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу