KZ
Өскемен
-16°
туман жел 2 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Елімізде 14,4 мыңнан астам шетелдік жұмыс істеп жүр

18.11.2025, 14:00 156 Ержан Әбіш

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 463 шетел азаматы еңбек етуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың санаты бойынша басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 544 рұқсат берілген, құрылымдық бөлімшелердің басшылығына 2 245 адам тартылған, сонымен қатар 3 774 маман, 1 118 білікті жұмысшы, 2 780 маусымдық жұмысшы келген, ал корпоративтік ауыстыру аясында 4 003 адам тартылған.
Қазіргі уақытта шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 857 жұмыс беруші бар, оларда 335,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы еңбек етеді, бұл қызметкерлердің 96%-ын құрайды.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетел жұмыс күшінің ең көп бөлігі құрылыс саласында 4 908 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында 2 808 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 1 173 адам, ал өңдеу өнеркәсібінде 1 105 адам жұмыс істейді.
Шетелдік еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 5 405 адам, Өзбекстан – 2 455 адам, Түркия – 1 042 адам, Үндістан – 1 012 адам.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын шетел мамандарын тартуға квота белгілейді. 2025 жылы бастапқы квота республикадағы жұмыс күшінің 0,2%-ына немесе 14,8 мың бірлікке тең болса, наурыздан бастап 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайған. Тамыз айынан бастап маусымдық шетелдік жұмысшыларға арналған квота 19,4 мың бірлікке дейін кеңейтілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу