KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
506.7 593.14 6.53

Елімізде 15 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

gov.kz

29.09.2025, 15:00 184 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 15 054 шетел азаматы еңбек етуде. Олардың жұмысқа тартылуы арнайы санаттарға бөлініп, әртүрлі қызметтерге бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Рұқсаттар санаты бойынша:

  • Басшылар мен олардың орынбасарлары үшін – 561 рұқсат (бірінші санат);

  • Құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін – 2 348 рұқсат (екінші санат);

  • Мамандар (үшінші санат) – 3 980 адам;

  • Білікті жұмысшылар (төртінші санат) – 1 052 адам;

  • Маусымдық жұмыстарға – 3 099 адам;

  • Корпоративтік ауыстыру аясында – 4 015 адам тартылған.

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 909 жұмыс беруші бар, олардың қызметкерлер саны 341 мыңнан асады. Бұл жалпы қызметкерлер санының 96%-ын құрайды.

Экономикалық салалар бойынша шетел азаматтарының ең көп жұмыс істейтін орындары:

  • Құрылыс – 4 929 адам;

  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 3 140 адам;

  • Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 240 адам;

  • Өңдеу өнеркәсібі – 1 122 адам.

Еңбек мигранттары негізінен Қытай (5 545 адам), Өзбекстан (2 696 адам), Түркия (1 076 адам), Үндістан (1 052 адам) елдерінен келеді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді. 2025 жылы квота 0,2% мөлшерінде, яғни 14,8 мың бірлік болып бекітілді. Наурыз айынан бастап ол 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды. Тамыз айынан бастап маусымдық шетелдік жұмысшылар үшін квота 0,25% немесе 19,4 мың бірлікке дейін кеңейтілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу