KZ
Өскемен
-2°
снег жел 4 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Инклюзивті білім беру бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес құрылды

25.11.2025, 09:30 99 Базарова Айгүл

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ жанынан Республикалық оқу-әдістемелік кеңес өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңес ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін әзірлеу мен енгізуге бағытталған инновациялық тәсілдерді сараптамалық бағалаудан өткізеді.

Өтінімдер жылына 4 рет қабылданады:

▫️ 1–15 қаңтар аралығында

▫️ 1–15 сәуір аралығында

▫️ 1–15 шілде аралығында

▫️ 1–15 қазан аралығында

Оған педагогтер мен сала мамандары өздерінің авторлық оқу-әдістемелік материалдары мен бағдарламаларын ұсына алады.

Сараптамадан өту талаптарымен special-edu.kz порталындағы «РОӘК» бөлімінен танысуға болады.


Айжанат Бақытқызы 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу