KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 3 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Елімізде әскери қызметшілердің жалақылары 30%-ға өседі

Фото: gov.kz

14.01.2024, 18:41 287

ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетіндегі өзгерістер туралы хабардар етті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

– Соңғы үш жыл ішінде лауазымдық жалақыны кезең-кезеңмен ұлғайту жүргізілді. Биыл Қарулы күштердегі қатардағы және сержанттық құрам лауазымдарының тарифтік санаттары және әскери қызметшілердің әскери атағы бойынша жалақылары 30%-ға өседі, – деді Департамент бастығы.

Ол сонымен қатар қорғаныс ведомствосының мерзімді қызметтегі сарбаздарына арналған кредиттік демалыстар, ал армияда қызмет атқарған азаматтарға білім беру жеңілдіктерін беруге қатысты жобаларды егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу