Психологиялық қиындықтарды еңсеріп: ШҚО қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сол жағалау ауданы пробация қызметі бөлімінің мамандары құқық қорғау органдарымен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зиянды әдеттердің әсері мен күйзеліс кезіндегі психологиялық қиындықтар туралы тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Іс-шара барысында қатысушыларға отбасы қауіпсіздігін сақтау, психологиялық тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ алкоголь, темекі және есірткінің адам эмоциясына тигізетін кері ықпалы кең көлемде түсіндірілді. Жиналғандарға арнайы ақпараттық буклеттер таратылып, мамандар тарапынан нақты кеңестер берілді.
ШҚО ҚАЖ департаментінің Сол жағалау ауданы пробация қызметінің аға лейтенанты Жұлдыз Бөкеева психологиялық қолдаудың мән-маңызына тоқталып өтті.
Ал аға лейтенант Айдана Бақтынова өз сөзінде эмоциялық теңгерімнің маңызы айтты.
Өткізілген іс-шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамда психологиялық мәдениетті нығайтуға, отбасылық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға өз ықпалын тигізді.

