KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Бейбарыс Қаблан таеквондодан әлем чемпионы атанды

3.12.2025, 21:00 172 Ержан Әбіш

Қазақ спортшысы Бейбарыс Қаблан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы атанды. Финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді жеңді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл - Бейбарыс Қабланның спорт мансабындағы ең үлкен жеңісі және Қазақстан таеквондо тарихында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы алғашқы алтын. 

Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлем чемпионаты аясында Бейбарыс финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Үндістан, Түркия елдерінің спортшыларын, жартылай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохаммадтан 2:1 есебімен басым түсті. 

Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық спортшы қатысуда. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу