KZ
Өскемен
небольшой снег жел 6 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Шығыс Қазақстан облысындағы жол жағдайы: бірқатар бағытта қозғалыс ашылды

Бүгін, 07:30 71 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының жақсаруына байланысты бірқатар республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына рұқсат берілді, деп хабарлайды Altainews.kz.

«Қазақавтожол» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 2025 жылғы 13 желтоқсан күні сағат 07:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автомобиль жолының 6–166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы – Алтай қаласы) барлық автокөлік түрлері үшін ашық.

Сондай-ақ, «ОблШығысЖол» ЖШС ақпаратына сәйкес, осы күні сағат 07:00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» автомобиль жолының 45–60 шақырым аралығында көлік қозғалысына ешқандай шектеу жоқ, жол барлық автокөлік түрлері үшін ашылды.

Алайда, 13 желтоқсан күні сағат 07:00-дегі жағдай бойынша өңір аумағында екі жол учаскесінде қозғалыс уақытша жабық күйінде қалып отыр.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясы шекарасы» автомобиль жолының 1013–1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – Қ. Қайсенов кентіне бұрылыс) көлік қозғалысы үшін жабық.

Сонымен қатар, облыстық маңызы бар «Мамай-Батыр – Бозанбай» автомобиль жолының 12–36 шақырым аралығында да қозғалыс шектелген.

Жауапты қызметтер жол жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жүргізушілерге алыс жолға шығар алдында жол және ауа райы жағдайын нақтылап алуға кеңес беріледі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу