KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

ШҚО-да заңсыз алтын өндіру дерегі анықталды

Фото AI арқылы жасалған

18.08.2025, 15:30 284 Төлеуғазы Жансая

Қаржы мониторингі агенттігінің ШҚО бойынша департаменті, ҰҚК департаменті және прокуратура бірлесіп жүргізген іс-шаралар нәтижесінде Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында «EastGoldStone» ЖШС-нің бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Күдіктілер заң талаптарын бұза отырып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгертіп, заңсыз алтын өндірген. Бұл үшін ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық пайдаланылған.

Тергеу мәліметінше, заңсыз қызмет салдарынан келтірілген экологиялық шығын 300 млн теңгеден асқан. Тінту барысында құны 382 млн теңгеге бағаланған 6 келі алтын тәркіленді.

Ұйымдастырушы екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу