KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
512.83 600.58 6.36

Ұлан ауданында шенеунік пен сыбайластары заңсыз бағалы металдардың кен орнын игерген – ШҚО

8.10.2025, 17:30 183 Базарова Айгүл

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ұлан ауданы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі агенттікке сілтеме жасап.

Тергеу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директорының орынбасары заңсыз алтын өндіру ісін ұйымдастырғаны анықталған. Бұл мақсатта олар өздеріне бағынышты «EastGoldStone» ЖШС тіркеп, пайдаланып отырған. 

– Алтын өндіру жұмыстары екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр техниканы қолдану арқылы жүргізілген. Олар өзеннің табиғи арнасына араласып, экологиялық тепе-теңдікке елеулі зиян келтірген. Сараптама нәтижесі бойынша қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі 300 миллион теңгеден асты, - дейді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі. 

Тінту барысында жалпы құны 382 миллион теңге болатын 6,7 килограмм алтын, сондай-ақ 10 миллион теңге және 56 мың АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша тәркіленді. Аталған қаражаттарға сот санкциясымен бұғаттау қойылды, ал күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу