Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндіру фактісі тоқтатылды
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен.
Кенді өңдеу үшін ауыр арнайы техника мен өнеркәсіптік жабдықтар пайдаланылған.
Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты.
Тексеру барысында ауыр арнайы техника, атап айтқанда, жүктиегіш, самосвал, экскаватор және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді.

