KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, С
504.34 556.34 5.97

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

pexels.com

3.04.2025, 08:00 194 Төлеуғазы Жансая

"Қазгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпаратына сәйкес, 3 сәуір күні түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың солтүстік-батысында жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Өскемен қаласы бойынша: 3 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

"Көлік жүргізушілері жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтауы қажет. Жаяу жүргіншілер құлап қалмау үшін абайлап жүруі керек, асықпаған жөн. Қатты жел кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамау маңызды. Автобус аялдамаларының артында немесе ағаштардың астында тұрмаңыз. Төтенше жағдай орын алған жағдайда '112' нөміріне қоңырау шалыңыз." Тұрғындар мен қала қонақтарынан сақтық шараларын ұстанып, ауа райының өзгерістеріне мұқият болуларын сұраймыз,- делінген ресми хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу