KZ
Өскемен
-27°
туман Штиль
510.43 594.86 6.49

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға 354 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

depositphotos.com

21.08.2025, 13:00 240 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың қаңтарынан шілде айына дейін көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың жалпы сомасы 354,5 млрд теңгеден асты. Бұл көмекті орта есеппен 856,2 мың отбасы алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оның ішінде:

  • көпбалалы отбасыларға – 308,9 млрд теңге көлемінде 613,4 мың отбасы;
  • наградталған аналарға – 45,6 млрд теңге сомасында 242,8 мың адам қамтылды.

Тек 2025 жылдың шілде айында ғана аталған жәрдемақылардың жалпы көлемі 49,7 млрд теңгені құрап, 846,1 мың отбасы қамтылған.

Мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп баласы бар, табысына қарамастан, бірге тұратын отбасыларға төленеді. Балалардың жасы кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын жағдайда 23 жасқа дейін есепке алынады.

2025 жылғы төлем мөлшері бала санына қарай төмендегідей белгіленген:

  • 4 балаға – 63 030 теңге;
  • 5 балаға – 78 798 теңге;
  • 6 балаға – 94 565 теңге;
  • 7 балаға – 110 332 теңге;
  • 8 және одан да көп балаға – әр балаға 15 728 теңге.

Бұл жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, сондай-ақ бұрын «Батыр ана» атағын алған немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға тағайындалады.

Ай сайынғы төлем мөлшері:

  • «Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 теңге;
  • «Алтын алқа» иегерлеріне, сондай-ақ «Батыр ана» және «Ана даңқы» ордендерінің иелеріне – 29 097 теңге.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу