KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

"40 бас жылқы ұрланды". Айыппұлды мал иесіне салды

3.06.2021, 11:20 184

Ұлан аудандық полиция бөліміне шаруақожалықтардың бірінің жұмысшысы жайылымнан 40 бас жылқының ұрланғаны туралы айтып, хабарлаған.

Аталған фактімен дереу ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, полиция қызметкерлері тергеу әрекеттеріне және іздеу іс-шараларына кіріскен болатын.

- Автожолдарды және ет өнімдерін өткізу орындарын жедел жабу қамтамасыз етілді. Жеке құрам күштерін барынша тартумен қатар арнайы техника, яғни ұшатын дрондар, тіпті тікұшақ та жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері жергілікті жерлерді мұқият тексеру және тікұшақпен жоғарыдан қарау нәтижесінде бір табын жылқыны бұрынғы жайылған орнынан едәуір қашықтан тауып, иесіне қайтарды, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев. 

Мал иесі де малдың қараусыз жайылып жүргенінінен жоғалып кеткенін мойындаған. Осылайша шаруашылық иесіне де айыппұл арқалатты.

- Осы шаруақожалықтың жұмысшылары тарапынан «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын» бұзушылық пен немқұрайлы қарау жағдайы бірінші рет емес екені белгілі. Бұрын олар сегіз рет ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, алайда оларға айыппұл салғаннан ешқандай нәтиже жоқ. Аталған факті бойынша мал иесіне қатысты тоғызыншы рет әкімшілік жаза қолданылатын болады, - дейді департамент басшысы.

ШҚО Полиция департаменті мал иелерін, оларды жаю қағидаларын сақтауға шақырады және белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу