Қазақстанда масканың шекті бағасы белгіленді
Қазақстанда сауда және интеграция, экономика мен денсаулық сақтау министрлерінің бірлескен бұйрығы бойынша масканың шекті бағасы белгіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталған құжатқа сәйкес, медициналық маскалардың бір данасы үшін 118 теңге көлемінде шекті бағасы қойылды.
Осы бұйрықтың орындалуын денсаулық сақтау, сауда жіне интеграция, ұлттық экономиканың жетекшілік ететін вице-министрлері бақылауға алатын болды.
Бірлескен бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Оқи отырыңыз