Елімізде 2 қаңтарда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 2 қаңтарда Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы минус 43 градусқа дейін аяз және жауын-шашынсыз болатынын болжады.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне Солтүстік антициклон жотасы әсер етеді, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Тек республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде қар жауады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстікте бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, Түркістан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.
Нұр-Сұлтанда күндіз ауа температурасы 27-29 градус нөлден төмен болады, түнде 34 градусқа дейін төмендейді.