Өскемен мен Семей арасында кеме қатынасы жаңғыра ма?
Абай облысының әкімі Өскемен мен Семей арасындағы кеме қатынасын жаңғырту туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Семейдегі бұрынғы өзен портын қарап шыққан Нұрлан Ұранхаев кеме қатынасын қалыпқа келтіруге қажеттінің бәрі – тіпті инвесторлар да бар депті.
– Бұрын Өскемен мен Омбы арасында Семей арқылы «ракеталар» қатынаған. Меніңше, кеме қатынасын жаңғырту қажет. Тасжол талай адамды жалықтырған болар. Кеме Өскеменнен Семейге дейін шлюздеуді есепке алғанда үш жарым сағат жүрер еді. Бұл соншалықты ұзақ емес. Көпшіліктің көңілінен шығады деп ойлаймын. Ал жүк тасымалына келетін болсақ – бұл жеке тақырып. Оны қаперден тыс қалдырмаймыз, бірақ онда басқа инвесторлар қажет болады, – деді Абай облысының әкімі.