Кинотеатрларда тарихи 6 фильм бір апта бойы тегін көрсетіледі — Өскемен
Өскемен қаласында 14 наурыздан бастап күн сайын тұжырымдаға сәйкес тақырыптық іс-шаралар өтеді.
Мәселен, 17 наурыз — "Тарихқа тағзым күніне" орай Өскемен қаласындағы кинотеатрларында қазақ кинотуындалары, атап айтқанда, "Жаужүрек мың бала", " Күлтегін", "Менің атым — Қожа", Қыз Жібек", "Балуан Шолақ" фильмдерін қала тұрғындарына тегін көрсету апталығы ұйымдастырылып отыр. Қала әкімдігі бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрілігі жанындағы Мәдениет комитетімен жұмыс жүргізуде.
— Өскеменде биыл қазақтың тарихи киноларының тегін көрсетілімін жасаймыз. Биылғы Наурызды тойлаудың ерекшелігі де — сол. Қазақ жастарына кино өнері арқылы тарихымызды, ұлтымыздың дәстүрін, қилы тағдырын насихаттаймыз. Жастарымыз интернеттен бір уақыт аластап, кино өнеріне, оның ішінде ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңірсе деген ниетіміз, — дейді Өскемен қаласы Мәдениет бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин.
Сонымен қатар дәл осы 17 наурыз күні Өскемеедегі еңбек ұжымдары арасында "Қазақтың ұлттық киіміндегі күн" челленджі өтпек.