KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями Штиль
476.27 515.47 5.41

Өскеменде жаңа саябақ пайда болады. Атауы да белгілі

2.03.2022, 19:15 148

ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен Өскемен қаласының әкімі қала тұрғындарымен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2022 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жоспарлармен бөлісті.

Қала әкімі Жақсылық Омар өзінің баяндамасында жақын уақытта 19-шы шағын ауданында аумағы 1,5 га болатын жаңа саябақ бой көтеретінін айтты. Тіпті, оның атауы да бар.

-   Жаңа тұрғын ауданда «Халық қаһарманы» Сағдат Нұрмағанбетов атындағы саябақ пайда болады. Өткен жылы жұмысты бастадық. 9 мамырда Жеңіс мерекесіне орай аяқтауымыз керек, - деді Жақсылық Омар.

Сонымен қатар, 2022 жылы облыс орталығындағы «Металлург» саябағы, Ертіс жағалауы, «Ғашықтар аллеясы», «Ертіс концерт» ғимаратының іргелес аумағы, Согра ауданындағы Фасадная көшесі ауданындағы сквер аббатандырылмақ.

-  Сограда тұрғындардың бос уақыт өткізетін жерлер тапшы. Қазір бұл мәселе бойынша Титан магний комбинатымен бірігіп, келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ал Ертіс жағалауындағы жөндеу жұмыстарына келсек, қаламыздың көркі болған бұл жағалауды қолға алатын кез келді, - деп қосты қала әкімі.

Айта кету керек, 2022 жылы қалада Бульвар айналымын қайта құру жоспарлануда. Әкімнің айтуынша, қазір мемлекеттік сараптамалық жұмыстар жүріп жатыр. Ол Қабанбай батыр, Новаторлар, Мыза, Буров көшелерін қамтып, барлық жасыл желектерді сақтай отырып жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив