Риддер тұрғыны 2 жастағы баласын балконнан құлатып алды
2003 жылғы Риддер қаласының тұрғыны 2 жастағы баласын балконнан құлатып алды.
Оқыс оқиға 27 қаңтар күні болған. 2 жастағы бала үшінші қабаттан құлағаны белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 жастағы риддерлік тұрғын баласымен қонақта болған. Үйіне қайтар кезде есіктің жабық екенін көрген.
- Мас әйел бірден балкон арқылы сыртқа шықпақ болғанда бала құлап кеткен. Бала бірден Риддер қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тексеру нәтижелерінің баланың өміріне еш қауіп жоқ екенін, ауыр жарақат алмағанын көрсетті.
- Аталған факті бойынша әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта материал кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ата-ана құқықтарынан айыру туралы өтінішпен ұсынылатын болады, - дейді жауапты органдар.
Оқи отырыңыз