KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дан 19 спортшы олимпиада ойындарына қатысуға үмітті

19.04.2023, 21:21 279 Ләззат Қанатқызы

2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Парижде XXXIII жазғы олимпиада ойындары өтеді.

Бүгінгі таңда ШҚО-дан Париждегі Олимпиада ойындарына қатысуға 8 спорт түрінен 19 спортшы үміткер болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жандос Сайханов айтты, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Басқарма басшысы ШҚО-дағы денешынықтыру мен бұқаралық спорттың дамуы жайлы айтып өтті.

– Облыста 1859 спорттық ғимарат бар. Өткен жылы 38 спорт нысаны пайдалануға берілді, олардың ішіндегі ең маңыздысы – Өскемен қаласындағы «Үстел теннисі орталығы», Ұлан ауданының Айыртау ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені, Күршім ауданының Қалжыр ауылындағы спорт модулі, – дейді ол.

Балалар бұқаралық спортын дамыту үшін қосымша спорт секциялары да ашылған. Мәселен, қазір 2021-2022 жылдан бері бұқаралық спорт түрлері бойынша қосымша 1 505 тегін спорт секциясы жұмыс істеп тұр.

– Сондай-ақ облыста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы жұмыс істейді. Клуб өз қызметін бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырады – бұл паралимпиадалық қозғалыс, қозғалыс және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін, есту қабілеті бұзылған адамдар үшін Сурдолимпиадалық қозғалыс, паралимпиадалық, Спешиал олимпикс және иппотерапия. Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық құрамасында ШҚО-дан 42 мүмкіндігі шектеулі спортшы бар, – дейді Жандос Тусюпханұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу