KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 6 м/с, З
504.6 594.27 6.48

ШҚО-да ертең қатты жел соғады

29.04.2023, 18:00 360 Мадина Амангелдіқызы

30 сәуірде ШҚО аумағында дауылды ескерту жарияланды.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, ертең облыстың бірқатар аудандарында қатты жел соғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтқанда, аймақтың Шемонаиха, Алтай, Катонқарағай, Зайсан аудандары мен Риддер қаласында 15-20 м/с жылдамдықпен  жел соғады, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Осы ретте ТЖ қызметі тұрғындарға қауіпсіздік шаралары жайлы ескертеді. Дауыл кезінде қоғамдық аялдамаларына, жарнама қалқандарына, құрылысы аяқталмаған ғимараттарға, ағаштардың астына тығылуға болмайды. Сондай-ақ электр тарататын желілердің астында тұру немесе үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті екенін еске сақтаңыздар. Автокөліктерді әлсіз бекітілген құрылыстарға немесе ескі ағаштарға жақын қоймаңыздар. Жел күшейгенде отпен абай болу керек. Мұндай ауа райында далада от жақпаған жөн.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу