ШҚО-да 29 конструктор-автокөлік заңдастырылды
Еске салайық, 22 мамырда Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыру басталған-ды.
Үш күн ішінде ШҚО ПД процессингтік орталығына 226 автокөлік иесі конструктор-автокөліктерді заңдастыруға өтінімдермен жүгінген, оның ішінде 29 көлік иесі өз көлік құралдарын сәтті заңдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осындай үлгідегі автокөлікті алғашқылардың бірі болып заңдастырған – Самар ауданының тұрғыны Рафхат Хайруллин.
– Мен барлық қажетті құжаттарды жинап, заңдастыруға өтініш бердім, өтінішім мақұлданды. Кейін мені криминалистің барлық қажетті процедураларынан өту үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жіберді. Екінші кезеңнен өткеннен кейін күту залында 10 минут тостым, маған заңдастырылған көлігімнің нөмірлері мен техникалық паспорт берілді, – деп қуанышымен бөлісті Рафхат Рашатұлы.
Жалпы, акция басталғаннан бері Шығыс Қазақстанда шетелдік нөмірлері бар 3 мыңға жуық автокөлік заңдастырылды.
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз