Шетелдік авто: 5 мыңнан астам көлік тіркелді
Ішкі істер министрлігі өкілдері Қазақстанда қанша көлік заңдастырылғанын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.
«Бүгінге дейін 28 мың қазақстандыққа көлігін заңдастыруға рұқсат берілді. 5,5 көлік иесі құжаттары мен нөмірлерін алды», - деді ІІМ өкілдері.
Еске салайық, шетелдік есептегі көлікті заңдастыруға өтініш беру:
- e-gov.kz электрон үкімет порталы арқылы;
- екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы;
- халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) жүргізіледі.
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз