KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Жұмысшылар кетіп жатыр... ШҚО жылу маусымына дайын емес пе?

30.06.2023, 10:45 623 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысындағы коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарда кадр тапшылығы байқалады. Соның салдарынан жылу маусымына дайындық ойдағыдай болмауы мүмкін.

Мамандар жалақы төмен болғандықтан жұмыстан лек-легімен кетіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Коммуналдық кәсіпорындарда жалақының төмен болуына байланысты кадр тапшылығы пайда болды. Көптеген білікті мамандардың саладан кетіп жатқаны байқалады. Осының салдарынан алдағы жылу маусымына дайындық үрдісі бұзылуы мүмкін, – деді ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Арман Мәлік өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында.

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындар екі мыңға жуық қызметкерін «жіберіп» алған. Олардың 90 пайызы өз еркімен жұмыстан шыққан. Бір сөзбен айтқанда, коммуналдық қызметкерлердің 25 пайызы саладан алыстады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу