KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Кімдердің жалақысы 76 пайызға өседі?

30.06.2023, 09:52 360 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында электрмен жабдықтау секторындағы қызметкерлердің жалақысы 76 пайызға өседі.

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Арман Мәлік өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Өңірдің 13 табиғи монополия субъектісі жалақыны көтеру мүмкіндігін пайдаланды. Соның нәтижесінде электр энергиясын беру секторындағы 350-ден астам қызметкердің жалақысы 140 мыңнан 247 мың теңге дейін артты. Өсім – 76 пайыз. Сондай-ақ Зайсан ауданында газбен жабдықтау саласында еңбек ететін 8 қызметкердің жалақысы 175 мыңнан 260 мың теңгеге дейін көтеріледі. Мұндағы өсім 50 пайызға тең, – деді Арман Мәлік.

Сондай-ақ, департамент басшысының айтуынша, жылу беру секторындағы кәсіпорындарда да оң өзгеріс бар. Бір жарым мыңнан астам қызметкер 167 мыңның орнына 227 мың теңге жалақы алады. Сумен жабдықтау секторындағы 670-тен астам қызметкердің жалақысы 112 мыңнан 146 мың теңгеге дейін көтеріледі.

– Су бұру бойынша жалақы 118 мың теңге болған, қазір 145 мың теңгеге жетті. Бұл еңбекақыны 667 қызметкер алады, – деп толықтырды Арман Мәлік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу