KZ
Өскемен
снег жел 6 м/с, Ю
512.81 604.19 6.57

Жолды уақытылы тазартпағаны үшін 34 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды - ШҚО

20.12.2021, 16:59 290

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті облыс көшелері мен жолдарын жол қозғалысы қауіпсіз жағдайда ма, жүру бөлігін қардан және мүздан уақтылы тазартылған ба, соны бақылап отырады.

Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында Департаменттің жол қадағалау мамандарымен 200-ден астам тексеру жүргізілді, нәтижесінде қысқы ұстау ережелерін орындамаған жол қызметтерінің 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Өскемен қаласы бойынша осыған ұқсас ескертулер ағымдағы жылдың 14-15 желтоқсанында қар жауғаннан кейін облыс орталығын санитарлық күтумен және абаттандырумен айналысатын 5 мердігерлік ұйымды анықталды. Аталған қызметтердің басшылары да тиісті әкімшілік жазаға тартылды, олардың атына кемшіліктерді жою бойынша тиісті нұсқамалар жіберілді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу