KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Согра ЖЭО-дағы жөндеу жұмысы қашан аяқталатыны белгілі болды

8.08.2023, 19:03 359 Оразай Жеңісұлы

Согра ЖЭО-ның жөндеу жұмыстары жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталады.

Өскемендегі ең ірі жылу көздерінің бірінде болып жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы ЖЭО жеке меншікке берілді, сол кезде жабдықтың тозуы 85 пайыздан асқан еді. Қазір мұнда екі қазандықтың күрделі жөндеуі аяқталды, үшіншісінде, сондай-ақ екі турбинада және екі трансформаторда жұмыстар аяқталуда. Барлық қажетті жабдықтар өткен жылдың желтоқсанында әкелінді, сондықтан кестеден кешігу жоқ. Жылыту маусымында Согра ЖЭО толық дайын болатынына жұмыс қарқыны сенім береді.

Көмір қорына келетін болсақ, қазір ЖЭО-да 44 мың тонна қатты отын бар, бұл 42 күнге жетеді. Қаражыра көмір разрезімен жеткізу туралы шарттар жасалды, жылыту маусымы басталғанға дейін көмірге тәуліктік қажеттілік 735 тоннаны, ал суық ауа райының басталуымен 1065 тоннаны құрайды.

Станция мамандарының айтуынша, бүгінгі күні  Согра ЖЭО бүкіл Согра шағын ауданын, Солнечный және Радужный кенттерін, ТМК және ҚАЖК мекемелерін жылумен қамтамасыз етеді. Егер ЖЭО-ны қаланың жылу желілерімен орталықтандыру жобасы іске асырылатын болса, станция жеке сектордағы үйлерді де қамтамасыз ете алады, олардың иелері орталық жылыту жүйесіне қосылуға келісім беріп отыр.

Облыс әкімінің жұмыс сапары барысында жылыту маусымы басталар алдында бейінді мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысып, саланың барлық жүйелік мәселелерін  диалог алаңы форматында талқылау идеясы айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу