KZ
Өскемен
+10°
проливной дождь жел 3 м/с, СШ
442.05 474.14 4.74

Риддердің жылыту қазандығына күніне 10 вагон көмір жеткізіліп отыр

10.08.2022, 16:21 124

Қалада атты отынға деген қажеттілік 5300 тоннаны құрап отыр. Бүгінде көмір алатын екі тұйық жұмыс істеп тұр. Халықтың 61 пайызы қатты отын сатып алды,

Риддердің жылу беру маусымына дайындығы жөнінде кезекті кеңес өткізген облыс әкімі Даниал Ахметов 1 қыркүйекке қарай қаланың барлық тұрғын үйлерінде дайындық паспорттары болуы тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте Энергетика және ТҮКШ басқармасының мамандары қалаға барып, паспорттардағы деректердің шындыққа сәйкестігін тексеруі керек,

- Қалада көмір тапшылығына байланысты ешқандай дүрлікпе байқалмайды. Аптасына бір рет менің орынбасарым Риддерге барып, жылыту маусымға дайындық процесін бақылап отыр. Сонымен қатар, мәселе туындамайтындай басқармаға гидравликалық режимді тексеретін компаниямен байланысуды тапсырдым. Біз сондай-ақ Риддер ЖЭО басшылығымен кездестік, онда қазір жабдықтар жөнделуде. 1 және 2 турбинаға жөндеу жүргізілді, 5 турбина қыркүйекке қарай аяқталады, 0,7 км жылу трассасына жөндеу жүргізілді, жылыту маусымы басталғанға дейін тағы 2 км трассаға жөндеу жүргізілетін болады, - деп атап өтті аймақ басшысы. 

A7S33797.MP4_snapshot_06.05.712-Edit.jpg

Сондай-ақ, облыс әкімі барлық бюджеттік ұйымдарға жылу үшін алдын ала төлем жасауды тапсырды. Бұл қаражат ЖЭО үшін отын сатып алуға және жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ.

Айта кетейк, Риддерде күн сайын жылу станциясына 10 вагон көмір келеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив