KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да ерекше балаларға арналған бірыңғай жол жүру билеті енгізіледі

көрнекілік сурет: depositphotos.com
көрнекілік сурет: depositphotos.com
23.11.2023, 11:00 237 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында ерекше қажеттілігі бар балалардың жол шығынын субсидиялау жоспарланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылардың басым бөлігі аудандарда тұрады. Балалар облыс орталығына келгенде, жеңілдіктен айырылып қалады. Сондықтан облыс бойынша жеңілдіктерді интеграциялау туралы мәслихат қаулысына өзгеріс енгізу қарастырылады», - деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов облыс әкімдігінің отырысында.

Осылайша, облыс көлемінде ерекше балаларға арналған бірыңғай жол жүру билеті енгізіледі деп жоспарланып отыр. Өңір басшысы Ермек Көшербаев мұндай отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету аса маңызды екенін атап өтіп, жақын арада есеп-қисап жүргізуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив