Өскеменде балалардың жол жүру билеті қымбаттайды
1 ақпаннан бастап балаларға арналған айлық жол жүру билетінің құны 4500 теңге болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс орталығындағы тасымалдаушы компаниялар осындай шешім қабылдады. «Шығыс Қазақстан автотасымалдаушылар одағы» бірлестігінің атқарушы комитетінің мәлімдеуінше, аталмыш баға нормативтік құжаттарда көрсетілген деңгейге сәйкес келеді.
Ал ересек жолаушыларға арналған жол жүру ақысы бірінші тоқсанда өзгермейді.
Оқи отырыңыз