Референдум: Естілмей қалмау үшін қазір назар аудару маңызды
Өскемендегі №35 жалпы орта білім беретін мектептегі референдум аясында дауыс беру учаскесіне арнайы костюмдер киген аниматорлар келіп, дауыстарын беруде. Осылайша, олар қала тұрғындарының маңызды іс-шараға назарын аудартуда, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
– Референдумға қатысу – бұл менің азаматтық борышым деп білемін. Әркім өз таңдауын жасауға құқылы. Барлық қала тұрғыны бір кісідей бұл науқанға қатысып, ел тағдырына бей-жай қарамайды деген сенемін, – дейді костюм киген Диас Әкімов.
№27 референдум учаскесінің төрағасы Анна Таимова референдумға қатысушылардың белсенділігі жоғары екенін атап өтті.
– Біздің учаскеде таңғы 7:00-ден бастап дауыс беру қызу жүріп жатыр. Жалпы учаскеде шамамен 1251 адам дауыс беруі керек, алайда біз кем дегенде 800-900 адам дауыс береді деп күтудеміз, – деді Анна Таимова.
Айта кету керек, сонымен қатар бұл учаскеге денсаулығына байланысты келе алмайтын 137 адам бар. Осы мәселені шешу мақсатында үй жағдайында дауыс беру жұмыстары да ұйымдастырылып отыр.
- Бастысы, ән-би болсын, костюм киген аниматорлар болсын, мақсат - әр адамның даусы айрықша маңызды осынау дауыс беруге елдің назарын аударту, ал қалай дауыс беретіні әркімнің өз құқында, - дейді белсенділер.
Оқи отырыңыз