Ажар Төлеуқанова: "Ешбір азамат референдумнан шет қалмауы керек"
Шығыста ғана емес еліміздегі садақ ату өнерін жаңғыртып, дамытып жүрген, жас болса да, әлемді өзіне қаратқан мерген ару Ажар Төлеуқанова референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Күні кеше ғана Мемлекет басшысының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" төс белгісімен марапатталған, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының Садақ ату федерациясының қалқан мен пута нысаналары бойынша үшінші орын иегері, ҚР Қалқан нысанасы бойынша чемпионатының үшінші орын иегері, ШҚО садақ ату федерациясының президенті, садақ атудан спорт шеберіне үміткер, облыстық жарыстардың жеңімпазы, шығыстағы жас буынды садақ атуға үйретіп жүрген жаттықтырушы, ұлттық спорттың жанашыры, Глубокое ауданының тұрғыны, ибалы келін, жас ана, аяулы жар Ажар Төлеуқанова ел болашағы үшін маңызды қадамы болып табылатын АЭС құрылысына қатысты ұйымдастырылған референдумға қатысты.
Ажар Рахметқызы бүкілхалықтық референдумға жанұясымен бірге қатысып, өз таңдауын жасады және әр қазақстандықты осындай жауапты, маңызды шарадан шет қалмауға шақырады.
Ақерке Рағызбаева