KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
484.11 528.79 5.03

14 қазан - Атаулы күндер

Кеше, 08:00 51 Төлеуғазы Жансая

Altainews.kz оқырман назарына 14 қазанға арналған атаулы күндер күнтізбесін ұсынады.

Дүниежүзілік стандарттау күні

1946 жылғы 14 қазанда Лондонда стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың конференциясы өтті. Оған әлемнің 25 елінен өкілдер қатысып, Халықаралық стандарттау ұйымын құру туралы шешім шықты. Дүниежүзілік стандарттау күні 1970 жылы ISO президенті Фарук Сунтердің бастамасымен енді.

Дүниежүзілік тісжегісіз болашақ күні

2010 жылы тісжегінің кеңінен таралып бара жатқанына алаңдаған бір топ тіс дәрігері бірігіп, Тісжегісіз болашақ альянсын құрған болатын. Осы халықаралық коммерциялық емес ұйымның бастамасымен жыл сайын аталып өтеді. 2016 жылы Альянстың бастамасымен Дүниежүзілік тісжегісіз болашақ күні құрылды. Негізгі мақсат – тістің дұрыс күтімінің маңыздылығына халықтың назарын аудару.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив