Еңбек министрлігі ауылда жұмыспен қамтудың жаңа формаларын енгізуі мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтудың жаңа ережелері қабылданатынын айтты,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды заңдық тұрғыдан ашық рәсімдеу – ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі міндеттерінің бірі саналады.
Министрлік ғылыми және сараптамалық қауымдастықтармен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, соңғы 24 жылдағы ауа райы туралы көптеген мәліметтерді талдаған. Бұл деректер түрлі аумақтардағы климат пен топырақтың барлық ерекшеліктерін ескеретін арнайы математикалық модельдер жасауға мүмкіндік берді.
Осы жүйені енгізу нәтижелері ауыл шаруашылығында ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, оның елдің ЖІӨ құрылымындағы үлесін арттыруға, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды рәсімдеуге және ұлғайтуға, ауылдық жерлерден қалаларға көші-қон ағындарын төмендетуге ықпал ететіндігіне тоқталды министр.