KZ
Өскемен
+7°
дождь жел 4 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Верхнеберезовский ауылында жаңа футбол алаңы ашылды

Кеше, 11:20 44 Төлеуғазы Жансая

Глубокое ауданы Верхнеберезовский ауылында жаңа футбол алаңы ашылды. Республика күніне орай жаңғырған алаң аясында аудандық футбол жарысы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

 «Футбол алаңын қайта жаңғыртуға аудандық бюджеттен 7 млн. 986 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа спорт алаңының фундаменті қайта құйылып, қашалары көтеріліп, үш қабатты газон төселді. Футболмен әуесқой түрде айналысатын жастар кешқұрым ойнау үшін 6 столб жарық шамдары орнатылды», - деп қосты Верхнеберезовский ауылының әкімі Айдын Манатбекұлы.

Футбол алаңының салтанатты ашылуына орай аудандық футбол біріншілігіне Верхнеберезовский ауылынан 3 команда, Предгорное, Перевальное ауылдарынан және Өскемен қаласынан командалар қатысты.

«Республика күніне орай Верхнеберезовский ауылында футбол алаңының салтанатты рәсімі өтті. Футбол – ел аузында жүрген, әлем бойынша көрермені көп, танымал спорт түрі. Бұл заманауи спорт нысаны  жаттығулар мен жарыстар үшін ғана емес, сонымен қатар спорт  әуесқойлары үшін, салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін ашылып жатыр. Алаң жаңа жеңістердің, берік достықтың және үлкен жетістіктердің бастамасы болсын»! - деді  Глубокое ауданы әкімі аппараты жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің төрағасы Александр Павлов.

Жарыстың демеушісі футбол алаңының құрылысын жүргізген «Госстрой» ЖШС болды. Демеуші футбол алаңының ойыншыларына арнайы 30 доп сыйға тартты.

 

Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив