KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

Бақылау-кассалық машиналарды қолдану талаптары: Салық төлеушілерге ескерту

23.10.2024, 14:30 355 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік тізімге енгізілген БКМ қолдану ақшалай есеп айырысулар кезінде міндетті шарт болып табылады, тек кейбір ерекше санаттарды қоспағанда,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

БКМ қолдану кезінде бірқатар талаптар қойылады. Салық төлеуші қызметті бастамас бұрын, БКМ-ды салық органында тіркеп, тауар, жұмыс немесе қызмет үшін төлем алған жағдайда чек беруі міндетті. Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес, БКМ чегінде міндетті реквизиттер болуы керек, оның ішінде тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы жазылады.

2018 жылғы 16 ақпандағы ҚР Қаржы министрінің № 208 бұйрығы бойынша, БКМ чектерінде қазақ әліпбиінің арнайы әріптері пайдаланылуы тиіс. Онлайн БКМ чектері екі тілде - мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шығуы қажет.

Салық төлеушілерге заң талаптарын сақтау және қызмет барысында бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, чектерді екі тілде басып шығаруды қамтамасыз ету ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу