Онлайн бақылау-касса машиналарының деректері ФДО серверіне беріледі
Фото: oao-bst.by
Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында фискалдық деректер операторларымен (ФДО), бақылау-касса машиналарының өндірушілерімен және жеткізушілерімен бірлесіп, деректерді онлайн бақылау-касса машиналарынан ФДО-ның серверіне беру туралы хаттама толтырылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Онлайн бақылау-касса машиналарынан ФДО-ның серверіне («Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС) серверіне беру 2.0.2 нұсқалы хаттаманы жасау бойынша жұмыстар жүргізді.
2.0.2 хаттамасының артықшылығы:
- Клиенттің талабы бойынша фискалдық чекте сатып алушының ЖСН/БСН көрсету мүмкіндігі. Егер сатып алушының чегінде ЖСН немесе БСН көрсетілсе, онда 1 000 АЕК-тен асатын мәмілелер бойынша ҚҚС төлемейтіндер үшін мұндай чек электрондық шот-фактураның орнына КТС шегеруге арналған растаушы құжат болып табылады;
- Төлемнің жаңа түрі қосылды – Мобильді төлем;
- Тауардың атауын көрсету мүмкіндігі.
Салық заңнамасын сақтау мақсатында, онлайн-БКМ-ның Хаттаманың 2.0.2 нұсқасына сәйкестігін тексеру қажет.
Егер онлайн-БКМ 2.0.2 Хаттамасынан басқа Хаттамаларда жұмыс істейтін болса, онлайн-БКМ-ын 2.0.2 нұсқасының Хаттамасына алдын ала қайта бағдарламалау қажет.
«ҚР аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қантардағы №20 қаулысына сәйкес БКМ 5-ші сағаттық белдеуді орнату қажет.
Техникалық талаптарға және ҚР ҚМ 16.02.2018 жылғы №208 бұйрығының БКМ техникалық талаптарына сәйкестік нысандарына сәйкес БКМ фискалдық чегін екі тілде жасау қажет (мемлекеттік және орыс).
Сондай-ақ Салық кодексінің 116-бабы 6 тармағының 15 тармақшасына сәйкес фискалдық чекте бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты қодталған түрде қамтитын штрих-код болуы қажет.
Сұрақтар бойынша БКМ техникалық қызмет көрсету орталығына немесе онлайн-БКМ тіркелген ФДО байланыс орталығына хабарласуға болады.
– «Қазақтелеком» АҚ – 8 800 080 00 51,
8 727 259 00 51, 8 7172 59 00 51;
– «Транстелеком» АҚ – 8 7172 647-647 немесе 1702;
– «Jusan Mobile» АҚ – 8 727 2 377-777;
– «КаР-Тел» ЖШС – 8 727 321 03 03,
8 7172 73 83 83 или 2106.