KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Алакөлде скутер аударылып, екі адам суға кете жаздады

8.07.2021, 18:15 477

Алакөл көлінде екі демалушының скутермен серуендеуі қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Дегенмен күнделікті кезекшілік жүргізетін жедел-құтқару жасағы дер кезінде көмекке келіп, үлгерген.

Оқиға 8 шілдеде болған: ер адам мен әйел адам скутермен серуендеген. Жағадан шамамен 400 метр жерде көлік аударылып қалған. Мұны кезекшіліктегі құтқарушылар дер кезінде байқаған.

-  Құтқарушылар жеке қайықпен оқиға орнына жедел барды. Скутерден ұстанып тұрған әйел біраз есеңгіреп қалған. Құтқарушылар демалушыларды қайыққа жақындатып, бортқа көтерілуге көмектесті. Осылайша суға батып кете жаздаған екі адам жағаға жеткізілді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу