KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

"Hyundai Solaris"-ты тізгіндеген жүргізуші 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін - Өскемен

8.02.2021, 16:13 94

Үстіміздегі жылдың 19 қаңтарында сағат 19:40 шамасында Өскемен қаласының 36 жастағы тұрғыны мас күйінде болып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған, "Hyundai Solaris" маркалы автомобильді басқару кезінде Өскемен қаласының қ. Сәтпаев даңғылы мен Байбатчин көшесінің қиылысында, рульді басқара алмай, "Nissancefiro" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. 

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- «Hyundai Solaris» автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру және көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру көзделген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Айта кету керек, 2021 жылдың өткен кезеңінде полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінде сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде болған адамның көлік құралын басқаруының 5 фактісі тіркелген.

ЖКО-ға жол бермеу және өмірі мен денсаулығын, жақындары мен туыстарының өмір қауіпсізідігі мақсатында ШҚО полиция департаменті әрбір азаматқа жол жүру ережелерін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралдарын басқару рульіне отырмауға кеңес береді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу