KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

ШҚО азаматы қарыз төлемеу үшін 2 жыл Ресейде жасырынып жүрген

30.06.2021, 15:52 158

Борышкер азамат қарызды төлемеу үшін Ресей Федерациясында жасырынып жүрген.

Көші-қон қызметі жұмысының бағыттарының бірі - атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздестіру. Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызды төлемегені үшін сот орындаушыларынан жасырынып, қарыздарын төлемеген 100-ден астам азаматты анықтады.

- Борышкерлер төлем жасамау үшін тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар оның аумағынан тыс жерлерде де жасырынып жүреді. Мәселен, 2021 жылғы 18 маусымда Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының 45 жастағы азаматы анықталды. Ол қарызды уақтылы төлемеу үшін көрші мемлекеттің аумағында 2 жылдан астам уақыт бойы тұрған, - деді ШҚО ПД көші - қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев. 

Сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізу келіп түскеннен кейін көші-қон қызметінің қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында борышкерді анықтап, қарызды өндіріп алу үшін сот орындаушысына ақпаратты жолдады.

ШҚО ПД көші-қон қызметі борышкер қарызды төлеуден қасақана жалтарған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді (ҚР ӘҚБК 669-бабы). Алимент төлеуші төлем жасаудан жалтарған жағдайда оған қылмыстық (ҚР ҚК 139-бабы) жауапкершілік жүктеледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив