KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
485.04 525.98 5.04

Риддер: 35 үйді жалын шарпыды

11.05.2021, 03:04 158

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы өртенді. Төтенше жағдайға байланысты көмекке мұқтаж жандар үшін жедел желі нөмірі іске қосылды. 
Көмекке мұқтаж адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады. Жедел желі нөмірі бойынша психологтар жұмыс істейді. ШҚО бойынша ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. 

Қазіргі уақытта өрт орнында жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 дана техника жұмыс істейді. Жану алаңы - 310 га. Өртті сөндіру үшін күш пен құрал жеткілікті. Оқиға орнына қосымша 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы барады. Қажет болған жағдайда көмекке көмекші техника жұмылдырылады, - деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив