ШҚО-да мас адам бөтен үйдің терезесін шағып кірген
Тарбағатай аудандық полиция бөліміне Байтоғас ауылының 39 жастағы тұрғынынан таңғы уақытта сағат 04:00 шамасында 37 жастағы ер адам мас күйінде үйінің терезесінің шынысын сындырып, содан кейін заңсыз үйге кіргені туралы хабарлама келіп түсті. Осылайша 100 000 теңге шығын келтірілген.
Учаскелік полиция инспекторы күдіктіні жеткізді. Күдікті тергеу барысында кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 149-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз