KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
504.34 556.34 5.97

ШҚО -да 83 жастағы зейнеткердің жарты млн теңгесін қолды қылды

13.03.2021, 15:21 272

Наурыз айының басында Риддер қаласының полиция бөліміне 83 жастағы қала тұрғынынан 25-28 ақпан аралығында оның пәтерінен бейтаныс адам жарты миллион теңге ұрлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

- Жедел іздестіру іс – шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді, ол жауап алу кезінде ұрланған ақшаны қайтарып, кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 188 – бабы 1 – бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу