Тұрғынның үйінен кресло мен төсек ұрланды - Риддер
Үстіміздегі жылдың наурыз айының басында Риддер қаласы полиция бөлімінің "102" жедел арнасына 32 жастағы әйел жүгінді. Өткен жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ер адам үйінен екі кресло, екі кісілік төсек пен балалар кереуетін ұрлағанын хабарлады. Шығын 85 000 теңгені құраған.
- Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды жеткізді. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызмет.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз