Көлікті жөндеуге алып, иемденіп алған - ШҚО
Наурыз айының басында Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 34 жастағы ер адам хабарласып, Ушаново ауылының 32 жастағы тұрғынына «Subaru» автокөлігін жөндеуге бергенін, ал ол көлікті иемденіп қайтармай жатқанын хабарлады. Шығын 5 000 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Ушаново ауылының 32 жастағы тұрғынын жеткізді.
Іс бойынша «Subaru» автокөлігі тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 389-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз