Алтын сырға ұрлаған - Семей
Күні кеше 45 жастағы Семей қаласының тұрғыны Орталық ПБ-ның «102» жедел арнасына хабарласып, желтоқсан айының басында пәтерінде белгісіз ер адам болғанын және одан кейін төсек үстелінен салмағы 5,9 гр болатын алтын сырғасының жоғалып кеткендігін жеткізді. Материалдық шығыны 150 000 теңгені құраған. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамды анықтап, бөлімге жеткізді. Тергеу барысында күдікті өз күнәсін мойындады. Іс бойынша заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.